Тасжолдан үсіп қалған екі баланың анасы табылды

0
888

Оны жекеменшік күзет фирмасының қызметкерлері тапты.

Полиция бөлімінің бастығы Тимур Айтуғановтың айтуынша, әйел адам Саратов тасжолында табылған.

«6 қаңтар күні жекеменшік фирманың қызметкерлері сағат 07.00 шамасында әйелді алып келді. Саратов тасжолымен өтіп бара жатып әлгі әйелді байқап қалған. Ер адамдар үй-күйсіз жүрген әйел немесе оны біреулер қағып кеткен деп ойлаған. Ұқыпты киінген әйелді бізге алып келген кезде ол мас болды.

Тоқтамай жылап, қатты үсіп қалғаны байқалды. Заттары, ұялы телефоны өзінде болды. Мәліметтер іздегенде екі баласы, күйеуі барын білдік. Жедел жәрдем шақырып, туыстарына хабарластық. Әйел адам арыз жазудан бас тартты. Денесінде қандай да бір жарақаттар болмады», – деді Тимур Айтуғанов.

Полицейлердің айтуынша, әйел адам соңғы рет мейрамханалардың бірінде отырғанын ғана біледі. Ал тасжолға қалай тап болғанын білмейді.

«Әйел адам тіпті медициналық көмектен бас тартты» деп қосты полициядағылар.