Тасжол жөнделген соң Алматыдан Нұр-Сұлтанға қанша уақытта жетуге болады?

0
0

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ өкілдері тасжолдағы жөндеу жұмыстары аяқталған соң жүргізушілер Алматыдан Нұр-Сұлтанға қанша уақытта жете алатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, қазіргі уақытта жолдың бірнеше учаскесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

«Қазір барлық жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша Күрті – Бурылбайтал – Балқаш тасжолының бөлігін жөндеу жұмыстары 2022 жылы аяқталады. Бұл учаске осы кезеңде пайдалануға беріледі деген сөз. Осы кезеңде онда қозғалысқа кедергі келтірмейтін белгілер орнатылуы мүмкін», – деді «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Ұлан Әліпов.

Оның айтуынша, барлық құрылыс және жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға дейінгі жол айтарлықтай қысқарады.

«Қазақстанда сағатына 120 шақырым жылдамдық сақтау туралы шектеу бар. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан арасындағы жол шамамен 1200 шақырым. Демек максимал рұқсат етілген жылдамдықта 10 сағатта жетуге болады. Бірақ бұл жүргізуші жолда тоқтамай және жылдамдықты азайтпайтынын ескерген жағдайда», – дейді Әліпов.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз