Тасмағамбетов жаңа жұмысына кірісті

0

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

“Қазақстан гольф федерациясының бас хатшысы Ербол Бұхарбаевтың айтуынша, федерация төралқасы отырысының шешімімен Иманғали Нұрғалиұлы гольф федерациясының президенті болып сайланды. Құрметті президент болып Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Ол – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы.

Иманғали Тасмағамбетов әр жылдары президенттің көмекшісі, премьер-министр, Атырау облысының, Алматы мен Нұр-Сұлтанның әкімі қызметтерін атқарған.

Оның соңғы ресми лауазымы – 2017-2019 жылдары Қазақстанның Ресейдегі елшісі. Осыдан кейін зейнетке шықты.