Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы болып тағайындалды

Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ Бас хатшысы болып тағайындалды.
«Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Бас хатшысы лауазымына үш жыл мерзімге тағайындалды», — делінген ҰҚШҰ сайтында.
Тасмағамбетов 2017 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. Бұған дейін әр жылдары премьер-министр, қорғаныс министрі қызметтерін атқарған, Алматы және Астана әкімі болған.
Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық ету 2023 жылы Армениядан Беларуссияға өтті.
Фото: e-wiki.org