Тасмағамбетов: Ресей біздің ең жақын көршіміз болып қала бермек
Мәскеудегі The Ritz-Carlton қонақ үйінде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау кеші өтті. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Кеш қонақтары президент пен Үкімет әкімшілігі, Сыртқы істер министрлігі өкілдері, Мемлекеттік Дума мен Федерация Кеңесінің депутаттары, Мәскеуде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басшылық құрамы, ғылым және мәдениет қайраткерлері, қазақ диаспорасының өкілдері болды.
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов өз сөзінде егемендік алған сәттен бастап, Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында қарқынды серпіліс жасағанын атап өтті.
Ол тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан үшін ең жақын дос және ең үздік көрші Ресей болып қалатынын еске салды.
Тасмағамбетовтың айтуынша, 2018 жыл барлық мәселелер екіжақты қарым-қатынастар үшін жемісті болған.
Өз кезегінде Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Александр Панкин аз ғана уақыттың ішінде қазіргі заман талаптарына жауап беретін және бірегей тәжірибе мен дәстүрлерді ескеретін мемлекетаралық қатынастырдың сапалы жаңа моделі қалыптасқанын жеткізді.
Оның айтуынша, бүгінде екі ел тату болып, өзара түсіністік танытуда.
«Бізді көреген мемлекет қайраткері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басқаратын көршілеріміздің қол жеткізген табыстары таң қалдырады. Біз үшін оның Ресеймен жан – жақты әріптестікке және еуразиялық кеңістіктегі экономикалық ықпалдастыққа арналған бағыты ерекше құнды», — деді ресейлік дипломат.
Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен ресейлік кәсіпкерлер мен ғылым және мәдениет өкілдері құттықтады.
Солардың қатарындағы «КамАЗ» АҚ Бас директоры Сергей Когогин Қазақстанның табыстарына өте қуанышты екенін айтты.
«Біз Қазақстанда бұрыннан жұмыс істейміз және өзімізді үйдегідей сезінеміз. Кәсіпкерлікті жүргізуге арналған мұндай тиімді жағдайлар көп елдерде жоқ. Біз республиканың экономикасы әрі қарай да белсенді дамып, тұрақты болып қала беретініне сенімдіміз», — деді ол.
Қазақстандықтарды мерекемен құттықтаған тұлғалардың қатарында танымал ресейлік актриса Лидия Федосеева-Шукшина да болды.
«Мен Қазақстанды өте қатты жақсы көремін. Онда түрлі фестивальдерге қатысу үшін бірнеше рет барғанмын. Ол жақта өте қонақжай, керемет және әдемі халық тұрады. Біз онда еркін жүрдік, өзімізді жайлы сезіндік», -деді әртіс.