Тасмағамбетов президент сайлауына қатыса ма? Саясаттанушының пікірі — Қазақстан жаңалықтары

0

Елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы мәлімденгеннен кейін, келесі президент кім болатыны туралы ой көпшілікті мазалап отыр. Кейбірі бұл лауазымға Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов лайықты екенін айтады. Осыған қатысты пікір білдірген саясаттанушы Ислам Кураев Тасмағамбетовтың сайлауға қатысу мүмкіндігіне талдау жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тасмағамбетов президент сайлауына қатыса ма? Саясаттанушының пікірі

Саясаттанушының пікірініше, бүгінде Тасмағамбетовтың сайлауға қатысатын-қатыспайтыны туралы ой көпшілікті мазалап отыр. Алайда оның президент сайлауына қатысуы Қазақстанның саяси элитасының тарапынан күтпеген қадам болады, дейді Кураев. 

«Мұның салдары екі түрлі болуы мүмкін:

1. Тасмағамбетовпен оның мемлекет басшысы ретінде бір мерзім отырып, артынша өкілеттігін отбасына жақындардың біріне тапсыру туралы келісу. Алайда ол мұны қалай ма? Бұл басқа мәселе.

2. Оны ұсынады, алайда жағдай ол өзгелерге өз шешіміне ықпал ете алмайтындай болып өзгереді. Осылайша, ол билік институттарын реформалау үшін қолынан келгенін жасайды. Ол осындай жолмен кландарды алдағы уақытта ойындар құрып, қысым көрсету арқылы түрлі құрылымдарға ықпал ету мүмкіндігінен айырады», — деп жазады саясаттанушы Facebook желісінде.

Сонымен қатар саясаттанушы бұл ретте біржақты пікір айту мүмкін еместігін жеткізді. 

«Себебі Тасмағамбетовтың тұлғасы үйірімпаз және бедел-билігі бар. Сонымен қатар халықтың махаббатына ие», — деп жазды Кураев.

Айта кетсек, 9 сәуірде, Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы мәлімдеді. Президент сайлауы биылғы жылдың 9 маусымында өтеді.

stan.kz