Тасмағамбетов Назарбаевтың «боғына» батты – Светқали Нұржан

0

Белгілі ақын Светқали Нұржан «Қасқа жол» Youtube арнасына берген сұхбатында 2001 жылы Қазақстан жерлерін шетелге жалға беру мәселелерін талқылау кезінде жазушы Әбіш Кекілбаевтың Нұрсұлтан Назарбаевқа айтқан сөзін еске түсірді, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

«Айналамызда әр түрлі елдер бар, түрлі мүдделер бар. Бізге кім қалай қарайды, оны да ескермесек болмайды» деп сөйледі Назарбаев. Сонда Әбіш Кекілбаев «Нұреке, бізге кім қалай қарайды деп отыратын сұлу қатын емеспіз. Сіз бен біздің ертеңгі келетін ұрпақ бізге қалай қарайды деген жалғыз қайғы болуы керек!» деді. Бейнежазбалар толық жойылып кетпесе бұл сөздер кейін де шығады, — деп еске алады Светқали Нұржан.

С.Нұржан Кекілбаевтың Елбасының қолынан сүйген сәтін де еске алды.

Кекілбаев менің қолымнан да 10 шақты рет сүйген. Маған жағынып сүйген ештеңесі жоқ. Кез келген ене көкірек үлкен кісілердің әдеті бұл. Маңғыстауда әлі күнге шалдар ықыласы құлаған, үміт еткен адамдардың қолынан сүйеді. Сол оқиға орын алған жиында мен де болдым. Ешқандай ерсілік көрінген жоқ. Жиында Елбасының өзі де жүрекжарды сөз айтқан, — дейді ақын.

Сондай-ақ ақын Тасмағамбетов жайлы пікір білдірді.

– 1996 жылы Шайыр деген жерде Әбіш Кекілбаев ағамыз бар, кездесу өтті. Нұржігіт Арықбаев деген ақсақал «Әбіш, шырағым, сен басқарып отырған Парламент ойлы, милы жұмыс жасап отыр еді. Не үшін таратты, не жазып қойдыңдар?» деп сұрады. Көзім тірі мен куәмін, басқа да куәлар бар. Сонда Әбіш ағамыз «Біздің елге биыл өте көп көлемде инвестиция құйылады. Соның кіріс-шығыс есебін Парламентке беруді сұрадық. Оны біз қарамасақ, өліп-талып жеткен Тәуелсіздігіміздің тамырына өзіміз құрт болып түсеміз. Жазығымыз – осы» деп жауап берді. Басынан демократиялық құндылықтар тілде ғана. Сол жылы бұның миллиард доллары бар екені анықталған. Үлкен айғай болды. Халықтың алдына өзін ақтату үшін Иманғали Тасмағамбетовты шығарды. Бұдан да басқа, мысалы, жер мәселесі сияқты шулы жерлерге Тасмағамбетовты лақтырып отыру әдеті еді. Тасмағамбетов оған адал болды. сол адалдығынан мұның «боғына» батуына тура келді, – деді ақын.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар: