Тасмағамбетов Ержан Максиммен кездесті – фото

0
59

Кездесу Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде өтті

Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов «Голос. Дети» байқауының екінші орын иегері, таланатты әнші Ержан Максиммен кездесіп, шығармашылық табыс тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

View this post on Instagram

Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Российской Федерации Имангали Тасмагамбетов встретился с Ержаном Максимом в стенах Посольства Казахстана в России. ⠀ Юный певец, успевший завоевать сердца тысяч казахстанских и зарубежных поклонников, приехал в Москву для реализации своих творческих планов. ⠀ Встреча прошла в дружеской обстановке. Ержан рассказал, что интересного происходит в его жизни после участия в проекте "Голос. Дети" и чем планирует заняться в ближайшее будущее. ⠀ Имангали Нургалиевич пожелал восходящей звёздочке успехов во всех начинаниях и плодотворно провести время в российской столице. ⠀ #посольствоказахстанавроссии #посольстворкврф #казахстан #россия #москва #голосдети #ержанмаксим

A post shared by Посольство Казахстана в России (@kazembassy_ru) on

Иманғали Тасмағамбетов жас әншімен Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде кездескен.

Елшіліктің хабарлауынша, зор дауысымен дүйім жұртты мойындатқан Ержан Максим Мәскеуге шығармашылық жұмыстармен келіпті.

«Кездесу достық қарым-қатынаста өтті. Ержан «Голос. Дети» байқауынан қатысқан соң, өмірінде қандай өзгерістер болғанын, болашаққа қандай жоспар құрғанын айтты. Иманғали Нұрғалиұлы жас жұлдыздың алға қойған мақсаттарына сәттілік тілеп, Ресей астанасында уақытын жемісті өткізуіне тілектестік білдірді», – делінген Қазақстан елшілігінің Instagram-дағы жеке парақшасындағы жазбада.

«Голос. Дети» жобасындағы дау

26 сәуірде Бірінші арнада «Голос. Дети» шоуының финалы өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Қазақстандық Ержан Максим екінші орын иеленді. Алайда интернет қолданушылар финал әділ өтпегенін айтып, шу шығарды.

Тележүргізуші Максим Галкин мен әнші Валерий Меладзе, продюсер Иосиф Пригожин, актер Станислав Садальский финалдың нәтижесіне көңілі толмайтынын мәлімдеп, әлеуметтік желіде өз пікірлерін ашық білдірді. Көпшілік жобада Ержан жеңіске жеткенін айтты.

sputniknews.kz