Тасмағамбетов Ержан Максиммен кездесті – фото

0

Кездесу Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде өтті

Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов «Голос. Дети» байқауының екінші орын иегері, таланатты әнші Ержан Максиммен кездесіп, шығармашылық табыс тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

https://www.instagram.com/p/Bxb_VVZnvLt/?utm_source=ig_embed

Иманғали Тасмағамбетов жас әншімен Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде кездескен.

Елшіліктің хабарлауынша, зор дауысымен дүйім жұртты мойындатқан Ержан Максим Мәскеуге шығармашылық жұмыстармен келіпті.

«Кездесу достық қарым-қатынаста өтті. Ержан «Голос. Дети» байқауынан қатысқан соң, өмірінде қандай өзгерістер болғанын, болашаққа қандай жоспар құрғанын айтты. Иманғали Нұрғалиұлы жас жұлдыздың алға қойған мақсаттарына сәттілік тілеп, Ресей астанасында уақытын жемісті өткізуіне тілектестік білдірді», — делінген Қазақстан елшілігінің Instagram-дағы жеке парақшасындағы жазбада.

«Голос. Дети» жобасындағы дау

26 сәуірде Бірінші арнада «Голос. Дети» шоуының финалы өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Қазақстандық Ержан Максим екінші орын иеленді. Алайда интернет қолданушылар финал әділ өтпегенін айтып, шу шығарды.

Тележүргізуші Максим Галкин мен әнші Валерий Меладзе, продюсер Иосиф Пригожин, актер Станислав Садальский финалдың нәтижесіне көңілі толмайтынын мәлімдеп, әлеуметтік желіде өз пікірлерін ашық білдірді. Көпшілік жобада Ержан жеңіске жеткенін айтты.

sputniknews.kz