Ташкентте Тоқаев пен Мирзияевтің кездесуі өтіп жатыр

0

Ташкентке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің кездесуі өтіп жатыр. Кездесу Өзбекстан президентінің резиденциясы — «Көксарaйда» өтіп жатыр. Бұл туралы «Қазақпарат» агенттігі хабарлады.

«Кеңейтілген және жабық форматтағы келіссөздер кезінде екі елдің президенттері саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда, сондай-ақ аймақтық және халықаралық тақырыптарда екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ» деп жазады басылым.

Келіссөздер соңында екіжақты құжаттарға қол қойылып, бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасалады деп жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Екінші президенттердің Ташкенттегі алғашқы кездесуі

14 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Ташкент әуежайынан оны Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов пен сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Ташкент хокимі Жахонгир Артыкходжаев қарсы алды.

Видео: Тоқаевтың Ташкентке келуі (өзбекше видео)

Екі елдің президенттері Қазақстандағы Өзбекстан жылының салтанатты ашылуына қатысады деген ақпарат тарады.

Azattyq