Ташкентте әнұранды білмеген қызметкерлерді жұмыстан шығармақшы — новости Казахстана

Ташкентте Crafers кондитерлік фабрикасының жұмысшылары Конституция және Өзбекстан тарихынан сынақ тапсырды. Емтиханнан өтпегендері енді жұмыстан шығарылуы мүмкін деп жазады Centralasian.org.

Фото: Centralasian.org
Сынақ барысында әрбір жұмысшыға 15 сұрақтан қойылған, олардың көбі Конституцияға, Өзбекстан әнұраны мен туына қатысты болыпты.
«Әнұранды жатқа айтуымды сұрады. Қарапайым жұмысшыларды осындай сынақтан өткізе ме?» — дейді зауыт қызметкері.
Емтихан тапсырған 700 жұмысшының жартысын қысқартады екен. Яғни, сынақтан өткендері қалады, өте алмағандары жұмыстан шығарылады.
«Енді кондитер болу үшін тарих факультетінде оқу керек», — дейді бұған наразы болған бір қызметкер.
Фабрика өкілдері жұмысшыларды сынақтан өткізгенін растады, бірақ пікір білдіруден бас тартты.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz