Ташкент соты Гүлнәр Кәрімованың жазасын ұзартты — Қазақстан жаңалықтары

0

Ташкент қалалық соты 18наурыз күні Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнәр Кәрімованың түрмедегі мерзімін 13 жыл 4 айға ұзартты. Оған тағы бір айып тағылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Гүлнәр Каримовағы тағы бір айып тағылды

Сот Гүлнәр Кәрімованың қылмыстық топ құрғанын анықтапты. 

«Сот Кәрімованы қылмыстық топ ұйымдастырғаны, бопсалау, үлкен көлемдегі бюджет ақшасын қалтасына басып, оны негізсіз құрту, қылмыскерлерден келетін ақшаны заңды деп табу және тағы да басқа қылмыстарға қатысы бар деп айыптайды. Сот үкіміне сәйкес оны 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды», — делінген ресми хабарламада. 

Атап кетерлік жайт, бұған дейін экс-президенттің қызы 10 жылға абақтыға қамалған еді. Кәрімованың Өзбекстанға әкелген ақшалай шығын 173,9 миллион долларды ( шамамен 76 миллиард теңге) құрапты.

Аталған жаза 2015 жылдан бастап есептелетіні жайлы көрсетіліпті. 

Бұған дейін Гүлнәр Кәрімова бостандыққа шығу үшін 686 миллион доллар төлеуге дайын екендігін жеткізген еді.  

 

stan.kz