Ташкент Қазақстанға дейін ақылы жол салмақшы

0
Ташкент Қазақстанға дейін ақылы жол салмақшы


Ташкент пен Шымкент арасындағы тас жол ақылы болуы мүмкін.

Ташкентте қытайлық China Railway 14th Bureau Group Co Ltd. компаниясымен Шымкентке дейінгі жолды жөндеу мәселесі талқыланған, — деп жазады Сentralasian.org.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, бұдан бөлек, Ташкенттен Чимган қаласына дейінгі жол да ақылы болмақ.

Сонымен бірге қытайлық компания тарапынан құрылыс мамандарын дайындайтын арнайы курс ашу қарастырған. Нәтижесінде, Ташкентте төрт кәсіби колледжде мамандарды қытай әдістемесі бойынша оқытатын болып келіскен.