Ташкент мүгедек және ажырасқан әйелдерді «қылмысқа бейілдер» санатына қосты

0

Ташкент әкімі ішкі істер бас басқармасы мен әйелдер комитетінің әйелдер арасындағы қылмыстың алдын алу туралы бірлескен қарарын мақұлдады. Қарарда «қылмысқа бейіл» әйелдер санаты анықталған.

Қарар қабылданбастан бұрын шенеуніктер «моральдық және рухани дамуды нығайту мамандарының» қатысумен әйелдермен бірнеше кездесу өткізген. Nuz.uz сайтының жазуынша, кездесулерден соң аудандық милиция қызметкерлері мен әйелдер комитетінің қылмыстық ескерту жөніндегі мамандары мүше болатын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданған.

Қарарда шенеуніктер «қылмысқа бейіл келеді» деп санайтын әйелдердің 23 санатын тізіп шыққан. Оның арасында мынадай топтар бар:

  • бұрын істі болғандар,
  • есірткі мен ішімдікке тәуелділер,
  • психикалық ауытқушылығы барлар,
  • ұзақ уақыттан соң отанына оралғандар,
  • рухани қолдауға зәрулер,
  • бала тәрбиесіне кері әсер ететіндер,
  • адамдыққа жат қылмыс жасағандар,
  • отбасындағы ахуалы нашарлар,
  • суицидке бейімдер,
  • ажырасу алдында тұрған отбасылар,
  • жұмыссыздар,
  • тұрмысы төмендер,
  • Ташкентте уақытша тұратындар,
  • қайыр сұрайтындар,
  • 18 жасқа толмаған және 18-30 жас аралығындағы әйелдер,
  • мүгедектер,
  • ажырасқандар,
  • асыраушысынан айырылған жалғызілікті әйелдер.

Azattyq