«Тарихымызға империялық көзқарас таңғысы келеді»
Открытый город» порталы Чебоксары қаласында орыс патшасы Иван Грозныйға ескерткіш қоюға қатысты дауыс берудің аяқталғанын хабарлады. Жергілікті билік Грозныйды тиран емес, Чебоксарының негізін қалаушы ретінде қабылдаған жөн деп санайды.
Чебоксарыда тұратын мүсінші, өнертану саласы бойынша ғылым кандидаты әрі тарихшы Дмитрий Мадуров «Idel.Реалии» сайтына берген сұхбатында Чувашияда ескерткіш орнатуға қатысты қалыптасқан үрдіс жайлы, орыс билеушілерінің мүсінін қою сәнге айналғаны, шығармашылық үрдіс жойылып, бизнес жобалардың дәурені жүріп тұрғаны туралы айтып берді.
— Қазіргі кезде Чебоксарыда қандай ескерткіштер қояды?
— Соңғы уақытта жүріп жатқан монументалды үгіт-насихаттың жалпы үрдісі жайлы үнсіз қалу мүмкін емес. Ұлттық республикамыздың астанасын түп-тамырынан, өткені мен қаһармандарын еске салатын кез-келген дүниеден ажыратып жатыр. Бізге тарихқа империялық көзқарас тұрғысынан қарауды таңып жатыр, чуваш халқы онда ешкім қызықпайтындай рөл атқармақ.
— Қандай мысал келтірер едіңіз?
Республикада чуваштардың дәстүрлі құрылысынан ешнәрсе сақталмаған.
— Құр сөз болмас үшін дәлелдер келтірейік. Орыс сәулет мектебінің негізін қалаушы, чуваш Петр Егоровтың ескерткішінің жобасы барлық байқауларда жеңімпаз атанған, бірақ соңы сиырқұйымшақтанып, ұмыт қалды. «Чуваш өлкесінің Мәскеу князьдігіне өз еркімен қосылуы туралы Мәскеуге өтінішпен барған чуваш және марий князьдеріне» арналған ескерткішті өртемекші болды, кейін мысын сыпырып алып, композиция авторына айтпай шалғайға апарып тастап, шірітті, қайта қалпына келтіруге қаржы бөлмеді. Ал әлемде теңдесі жоқ монумент орнатқан мүсіншіге қандай қарсылық көрсетті! Көрнекті орыс ғалымы, ғұмырын чуваш тілінің көп томдық сөздігін шығаруға арнап, тарихта өшпес із қалдырған Николай Ашмаринге ескерткіш орнату үшін қанша жыл күрес жүрді. Еш нәтиже шықпады. Демеушілердің аздаған қаржысына Южный кентінде горельеф қана қойдық.
Қазіргі шығыстанудың негізін қалаушы Никита Яковлевич Бичуринге ескерткіш орнату үшін қаншама жыл бойы күресіп келеміз. Ол да нәтижесіз болды. Ақыр соңында өз күшімізбен Кугесиде оған ескерткіш қойдық. Бичурин музейінің директоры мен жергілікті мәдениет бөліміне рақмет!
Күміс Бұлғарияның негізін қалаушы Шилки бен Тегінге ескерткіш қоюға тырыстық. Эскизі бар, шаң басып жатыр. Бастамашылар тобы 40 жылдан бері Чебоксарыда этносаябақ орнатуға рұқсат ала алмай жүр, онсыз қаланың өзіндік архитектуралық келбеті болмайды. Бұл жобаны қаржыландыруға ешкім құлық танытпады, осының салдарынан республикада чуваштардың дәстүрлі құрылысынан ешнәрсе сақталмаған. Ишлей құрылысы бұл талаптарға сай келмейді.
Чебоксарыда ақындар Геннадий Айги мен Василий Миттаға, халықтың сүйікті суретшісі Анатолий Миттов пен физик Дюис Данилович Ивлевке, Николай Никольскийге ескерткіштер орнатылса дейміз. Халыққа, мәдениетке, дамуға үлес қосудың жарқын үлгілері болған осы адамдарға ескерткіш қоюға қаржы бөлсін! Бірақ бұл кісілерге ескерткіш орнатпақ тұрмақ, тіпті көбісінің зираты талқандалып қалған. Өмірден өткеніне 50 жылдан аспаған қайраткерге заң бойынша ескерткіш қоюға болмайтынын да білеміз.
— Чебоксарыда әуелі ІІ Екатеринаның мүсіні орнатылды, енді Иван Грозныйға қоймақшы. Билеушілерге ескерткіш орнату — жаңа тренд пе?
— Мәскеулік патшаларға ескерткіш қоюды «Ресейдің еңсесін көтеру» деп қабылдайтын сияқты. Мейлі, солай болсын, бірақ ондай ескерткіштерді қоюға лайықты тарихи орындар бар ғой. Мұндай жобаларды ұлттық республикаларға тықпалап, шындықты бұрмалап, сол тарихи тұлғалар қорлаған халықтың жеріне ескерткіш қоюдың не керегі бар? Айтпақшы, мұндай этникалық әрі тарихи нигилизм тек ресейлік қана емес, украиналық шенеуніктерге де тән, олар Рюриковичтердің әулетінен құтқарған, моңғол әскерінің батыс қанатын билеген, 1240 жылы Киевті қан-жоса қылған Батудың тұлғасын кәдімгідей талқылап жатыр.
— Чувашияда жақында қойылған ескерткіштерге қалай қарайсыз?
Мұндай жобаларды ұлттық республикаларға тықпалап, шындықты бұрмалап, сол тарихи тұлғалар қорлаған халықтың жеріне ескерткіш қоюдың не керегі бар?
— Новочебоксарскіде Владимир князьге ескерткіш орнатты. Біріншіден, оның 300 емес, 800 күңі болған және оларға шоқынғанға дейін емес, шоқынғаннан кейін иелік еткен. Белгородтың негізі қаланғаны туралы жылнаманы оқыңыз, ол бір гаремін сонда ұстаған. Екіншіден, бұл адам 984 және 985 жылдары екі рет бұлғарларға шабуылдаған. Қазіргі өзбектер мен түріктердің ата-бабасы оғыздардың көмегімен Киев Русін садақтың ұшы, қылыштың жүзімен «шоқындырған», «әйелқұмар» Владимирге чуваш жерінде не үшін ескерткіш орнатуымыз керек? 1220 жылы бұлғардың Ошель қаласын адамдарымен қоса өртеп жіберген Петр Муромскийге ескерткіш тұр. Қаны бұзық патшайым ІІ Екатеринаға ескерткіш орнатты, ол Пугачев көтерілісінен кейін Чувашияның тең жартысын аяқ-қолын кесіп жазалаған. Гурий әулиеге арналған ескерткіш бар (татарлар ол ескерткіш туралы хабарсыз!), ол XII ғасырдағы владимирлік Құдай ана бейнесі бар византиялық икона ұстап тұр, онымен Андрей Боголюбский 1164 жылы бұлғарлардың Бряхимов қаласын өртеген болатын.
Остап Бендер мен оның сыбайласы Кисаға қойылған ескерткіш бар. Ол туралы физик Дюис Данилович Ивлев: «Одессалық ұрылар цинизміне орнатылған ескерткіш» деп дәл тауып айтқан. Осыларға қарап «Балаларға қандай тәрбие бермексіңдер? Қалада нені насихаттап жатырсыңдар? Ұлтшыл-социалистердің қалада марш өткізуіне неге рұқсат берілді? Тарихта кім болып қалатындарыңды ұғамысыңдар?» дегің келеді.
— Грозныйға ескерткіш қою туралы бастаманы алдымен Чебоксары білім басқармасының басшысы Дмитрий Захаров көтерді. Грозный тиран емес, жасампаз тұлға, қаланың құрылуына себепкер болған адам дегенге тарихшы ретінде келісесіз бе?
Чуваштар мен татарларды бір-біріне айдап салу дұрыс па? Чуваштар егер оған ескерткіш қойса, Грозный Черемис көтерілісі кезінде жартысын қырып тастаған марийлердің алдында қалай жүрмек?
— Нанын адал жолмен тапқысы келетін, бірақ жас болғандықтан қаладағы жағдайдың мән-жайын барлап үлгермеген жас шенеунікті бетперде етіп ұстағандары өте қынжылтады. Иә, ол Рюриковичтерден тараған, бірақ өзін ежелгі римдік Цезарьдің ұрпағымын деп атап, патша атауын иеленген Ресейдің бірінші билеушісі. Иә, чуваш өлкесі қосылған сәттен бастап Московия империя сипатына ие болды. Бірақ олай болса Әмір Темірге де ескерткіш қою керек, ол 1395 жылы Ұлы Орданың татарларын шауып, өзі шабуылдамаған Московияға аймақтарға билік етуге мүмкіндік берді ғой. Сол сәттен бастап Ресей дами бастады. Иван Грозный чуваштарды патшаның адамдары деп таныды, ал басқа халықтарды әкесі екеуі малай деңгейіне түсірді. Ол кезде малайға қарағанда құлдың артықшылығы көп болатын, заңмен жақсы қорғалатын. Бірақ сондай тарихи сәтті көрсетіп, басқа халықтарды қорлаудың керегі не? Иван Грозныйға Қазанда ескерткіш орнатып көрсінші, Чебоксарыдан айырмасы, оның сонда болғаны анық қой. Татарлардың бірден ордаға жиналатынын біледі. Чуваштар мен татарларды тасадан тұрып бір-біріне айдап салу дұрыс па? Чуваштар егер оған ескерткіш қойса, Иван Грозный Черемис көтерілісі кезінде жартысын қырып тастаған марийлердің алдында қалай жүрмек?
Қазанға Грозный ескерткіші қажет пе? (2016 жылғы сауалнама — орысша)
— «Открытый город» порталында ескерткіш орнату мәселесі бойынша дауыс бере алдыңыз ба?
— Адамдардың реакциясын көрдім, бұрын әлеуметтік желіде байқалмаған, ал қазір ескерткіш қою идеясын көтеріп, белсенді үн қосып жатқандарды аңғардым. «Открытый город» сайтын да көрдім, бірақ дауыс берген жоқпын. Интернеттегі айла-шарғылар туралы елдің бәрі біледі.
Ондай ескерткіш орнатуға қарсымын» деген жауап жоқ. Демек, бұл сауалнама дұрыс жасалмаған.
Сайтта «Чебоксарыда Иван Грозныйға ескерткіш орнату керек пе?» деген сұраққа жауап беруді сұрайды. Енді жауап нұсқаларына қараңыз: 1) Тамаша идея! Ескерткіш көбейген сайын қаланың қызықты жерлері де көп болады. 2) Чебоксарыда мүсіндер жеткілікті. 3) Оны мамандар шешуі керек. Алғашқы екі жауап қаладағы ескерткіштер санына қатысты. Үшіншіде азаматтардың пікірін құлаққа ілмейді, бәрін «мамандар шешуі керек» дейді, ал ол «мамандардың» қалай шешетінін қазірден білеміз. «Ондай ескерткіш орнатуға қарсымын» деген жауап жоқ. Демек, бұл сауалнама дұрыс жасалмаған.
Енді осындай сауалнама әзірлеп, оған ресми ресурстарда сілтеме жасайтындарды қалай атаса болады? «Мамандар» туралы айтсақ, олардың арасында монументші мүсіншілер, сәндік сәулет пластикасы саласы бойынша өнертанушылар, Иван Грозный кезеңімен айналысқан тарихшылар бар ма? Өзім сол саланың маманы болғандықтан байқау комиссиясында да, қала әкімшілігінде де ондайлардың жоқ екенін анық білемін.
Егер тіпті осындай кезекті жобаларын тықпалайтын сарапшылар Мәскеуден келсе, аймақтың мамандары қайда қалмақ? Әдетте мамандардың болмауы келісімнің әділетті емес екенін білдіреді. Бәрі бұрынғы ескерткіштерді орнатқан сценарий бойынша жүріп жатыр. Республика ескерткіш орнатуға дайын екені туралы шешім орталықтан түседі.
Иван Грозный туралы не білеміз? (видео — орыс тілінде)
Иван Горзныйға ескерткіш қою туралы шешім баяғыда қабылданған, үш жыл бұрын талқыланған болатын. Мемлекеттік сатып алулар сайтында ескерткіш қойылатын алаң салу бойынша тендер баяғыда өткен, демек, жоба дайын және тұратын жері де белгілі болғаны.
— Чувашияда ескерткішті мәскеуліктер қояды екен, ал жергілікті мүсіншілер не бітіріп жүр?
— Біздің мүсіншілердің өз мәселесі жетеді. Бұған қатысты сауда бұрыннан жалған өтетін. Қазір Иван Грозный ескерткіші тәрізді жобаларда біздікілердің байқауға шартты түрде қатысуын да ешкім талап етпейді.
Дереккөз: Азаттық