Home Жаңалықтар «Тарихты оқы, Дилетант!»: Қазақстандықтар ресейлік депутатқа кеңес берді

«Тарихты оқы, Дилетант!»: Қазақстандықтар ресейлік депутатқа кеңес берді

0
88
Фото: Екатерина Штукина

Қазақстандықтар Ресей Мемлекеттік Думасы Білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың Instagram парақшасына түрлі жағымсыз пікір қалдырып, оған тарихты тереңірек оқуға кеңес берді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Жуырда Ресейдің отандық арналарының бірінде депутат Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы айтқан сөзі желіде қызу талқыға түсті. Депутат бағдарламада «Қазақстан деген ел болмады» деген.

«Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстанда бұрын мүлде қоныстанбаған. Олар болған, бірақ оңтүстікке жақын. Шын мәнінде, Қазақстан территориясы – Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйлығы», — деген еді Никонов «Большая игра» бағдарламасында.

Оның осы сөздерінен кейін қазақстандықтар «Жер бетіндегі барлық жамандық атаулысы сіз секілді білімсіз тарихшылардың арқасы», «Давайте барлық парақшаларына жалоб жіберейік, Қазақ елі», «Тарихты оқы, Дилетант!!!», «Сені Қазақстанда күтеміз», «Тарихты оқыңыз. Неге іріткі салып отырсыз?», «Тарихты оқыңыз. Соңғы одақтастарыңызды жоғалтайын деп тұрсыздар» деп жазды желідегілер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Вячеслав Никонов (@va.nikonov)

Артынша ол бағдарламада айтылған сөзінің мәнін келесідегідей түсіндірді:

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KAZAKHSTAN 🇰🇿 (@kazakhstan_dostyk)

«Қазақ КСР шекарасын бекітуде Қазақстан мүддесі толықтай ескерілді. Кейін Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болды. Мүмкіндікті пайдалана отырып, бауырлас Қазақстан халқына ыстық ілтипатымды білдіріп, «Большая игра» бағдарламасында мен дәл осы нәрсені айттым», — деп жазды ресейлік депутат Telegram-каналында.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету