Тарихтағы ең жылдам нокаут тіркелді

0
Тарихтағы ең жылдам нокаут тіркелді


ММА файтері қарсыласын төрт секундта нокаутқа түсірді.

Тарихтағы ең жылдам нокаут тіркелді. Америкалық аралас жекпе-жек файтері Шейн Маккей Shamrock FC 313 турнирінде отандасы Джошуа Тэйлорді төрт секундта нокаутқа түсірді. Маккей қолғаптарды түсйістірі жасалатын сәлемдесуден кейін бірден соққы жасап, құлатады.

Бұл Shamrock FC 313 тарихындағы ең жылдам нокаут болды. Осы турнир барысында көрермендер тағы бір жылдам жекпе-жекке куә болды: Джейкоб Тралл тоғыз секундта Диллон Толбертті   техникалық нокаутқа түсіріп, жеңісті жұлып алды.