Тарихта бірінші рет тірі донордан қолдың буынын трансплантациялады — Қазақстан жаңалықтары

0

 

Ерекше операция сегіз сағатқа созылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

операция

Вьетнам астанасы Ханойда тірі донордан қол буынын трансплантациялау бойынша әлемдегі алғашқы ота сәтті аяқталды. 

21 қаңтарда №108 аурухананың әскери хирургтері бірегей ота жасады. Бір айдан кейін, 2016 жылы өндірістік апаттан жарақат алған науқастың жаңа сол қолының тамырлағаны белгілі болды.

Донор ретінде жұмыста жарақат алған адам болған. Дәрігерлер оның сол қолын үш апта бойы сақтап қалуға тырысқан, бірақ гангрена басталғандықтан, олар ампутацияға бел буды. Бұл жағдайда қол буыны зардап шекпеген, соған байланысты оны трансплантациялауға мүмкіндік болған. Науқас және оның отбасы мүшелері ота жасауға келісімін берді.

Нгуен Тхе Хоанга ауруханасының бас хирургінің айтуынша, ота сегіз сағатқа созылып, дәрігерлер гангренамен қайта инфекцияның алдын алу үшін шаралар қабылдауға мәжбүр болғанына қарамастан, ота сәтті өткен.

 

 

stan.kz