Тарихи сәт: 16 маусымда Байден-Путин кездесуі туралы тың ақпарат жарияланды

0
386
РИА Новости

Бүкіл әлем АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путиннің 2021 жылы 16 маусымда Женевада (Швейцария) өтетін кездесуінен оң нәтижелер күтуде. Бұл Джо Байденнің Ақ үйдің басшысы ретіндегі Владимир Путинмен алғашқы кездесуі болмақ. Джо Байден мен Владимир Путин соңғы рет 2011 жылы Мәскеуде кездесті. Байден ол кезде АҚШ-тың вице-президенті, ал Путин Ресей үкіметінің басшысы болған.

Америка лидері Ресей президентімен Еуропа елдеріне жасаған алғашқы шетелдік сапарының соңында кездеседі. Алдын ала ақпарат бойынша, Байден 11-13 маусымда Корнуоллда (Ұлыбритания) өтетін G7 саммитіне, ал 14 маусымда Брюссельде (Бельгия) өтетін НАТО саммитіне қатысады. Еуропалық Одақ пен АҚШ саммиті 15 маусымға жоспарланған және оған Ақ үйдің басшысы қатысады деп күтілуде.

Екі мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде коронавирус пандемиясымен күрес және «аймақтық жанжалдарды реттеу» мәселелерін талқылайды. Путин мен Байденнің Ресей-АҚШ қатынастарының жай-күйі мен болашағын, әлемдегі стратегиялық тұрақтылық мәселелерін талқылайтыны сөзсіз.

Айта кету керек, Байден мен Путиннің кездесуі Женева «Интерконтиненталь» қонақ үйінде өтеді. Дәл осы қонақ үйде 35 жылдан астам уақыт бұрын – 1985 жылдың қарашасында – сол кездегі АҚШ президенті Рональд Рейган мен Кеңес Одағының президенті Михаил Горбачев алғаш рет кездесті. Олардың ядролық қарусыздану жөніндегі келіссөздері екі алпауыт мемлекеттер арасындағы қырғи-қабақ соғысты тоқтату үшін алғашқы қадам болды.

Байден кездесуде Путинмен Украинадағы жағдайды да талқылайтыны анық. Байденнің атынан АҚШ Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын тағы да қолдайды. Ресейлік саясаттанушы Белковскийдің пікірінше, Ресей Қытайға қарсы жаһандық коалиция құруға мүдделі, онда ол маңызды рөл ойнауы керек, сондықтан ол Украина мәселесінде де жеңілдіктер беруге дайын.

«Осыған байланысты, егер Ресей келісетін болса, онда АҚШ басқа да көптеген мәселелер бойынша, оның ішінде Украинамен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша, посткеңестік кеңістіктегі НАТО-ның кеңеюі туралы мәселелер бойынша жеңілдіктер жасай алады (де-юре болмаса да, әрине) Ресейдің Қырым мәртебесін мойындауы және ең болмағанда Ресейге қарсы қолданыстағы санкцияларды кеңейтпеуі, мүмкін оларды жартылай жеңілдетуі мүмкін», – деді Белковский.

Біздің еліміз, Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық, саяси, экономикалық және басқа қатынастардың барлық жаңа тарихынан шыға отырып, Украина-Ресей жанжалына: 1) Қырым мен Донбасс – бұл Украина мен Ресейдің ішкі ісі. Қазақстан, өз кезегінде, Украина-Ресей қарым-қатынасын тезірек қалыпқа келтіруді, Донбасстағы әскери әрекеттерді тоқтатуды қолдайды. Сонымен, славян және бауырлас екі халық өзара араздық пен жеккөрушілікте өмір сүруді тоқтатады; 2) Қазақстан Ресей мен АҚШ, Ресей мен Еуропалық Одақ, Ресей мен НАТО арасындағы қатынастардың жақсаруын құптайды және қолдайды; 3) Қазақстан Ресей, АҚШ және Қытай арасындағы қатынастар осы елдердегі халықтар мен бүкіл адамзаттың мүдделері үшін мүмкіндігінше сындарлы және оң болады деп үміттенеді.

 

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты