Тарифтің төмендеуінен қанша қаржы үнемделеді

0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин алдағы жылы тарифтердің төмендеуі нәтижесінде халықтың қанша қаржы үнемдейтінін айтты.

Оның айтуынша, тарифтерді төмендету нәтижесінде жалпы халықтың коммуналдық қызметтері үшін қаражатын үнемдеу шамамен 27,5 млрд теңгені құрайды.

Яғни тарифтерді төмендету халықтың коммуналдық қызметке төлем чегінің орташа айлық көлемін төмендетуге (сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау) мүмкіндік береді.

Мәселен ауданы 60 м2 болатын 2 бөлмелі пәтердегі 3 адамнан тұратын отбасының орташа айлық чегін төмендету төмендегідей көлемдерден тұрады. Алматыда отбасына айына орташа есеппен коммуналдық қызметтер үшін жалпы алғанда 14 483 теңге төлейді. 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап, орташа төлем 13 175 теңгені құрайды немесе 1 353 теңгеге төмендейді. Осылайша, коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу 9 700 теңгені құрайды. Ал Астанада басқа тең жағдайларда коммуналдық қызметтерге төлем жалпы алғанда орташа бағамен 10 666 теңгені құрайды. Жаңа жылдан бастап, жалпы алғанда орташа баға 9 604 теңгеге немесе 1 062 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу 9 000 теңгені құрайды», — деді вице-министр Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Сонымен қатар ол 2019 жылдан 1 қаңтарынан бастап, Шымкентте коммуналдық қызметтерге төлемнің орташа бағасы 12 447 теңгені құрайтынын немесе баға 1 340 теңгеге төмендейтінін атап өтті. Нәтижесінде шаһарда коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу 10 000 теңгені құрайды.

Ал Ақтөбе қаласында жаңа жылдан бастап, жалпы алғанда коммуналдық қызметтерге төлемнің орташа бағасы 10 336 теңгені құрайды немесе 1 068 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу 9 000 теңгені құрайды. Өскеменде жалпы алғанда орташа баға 6 341 теңгені құрайды немесе 313 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу 3 000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ жаңа жылдан бастап, Таразда коммуналдық қызметтерге төлем жалпы алғанда орташа төлем 9 665 теңгені құрайды немесе 806 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу 5 500 теңгені құрайды, ал Оралда жаңа жылдан соң, коммуналдық қызметтерге төлемнің жалпы алғанда орташа бағасы 9 875 теңгені құрайды немесе баға 1 035 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу 8 600 теңгені құрайды.

Сонымен қатар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қызылорда қаласында коммуналдық қызметтерге төлемнің жалпы алғанда орташа бағасы 8 288 теңгені құрайды немесе 865 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу 7 000 теңгені құрайды.

Петропавл қаласында жаңа жылдан бастап, коммуналдық қызметтерге төлемнің жалпы алғанда орташа баға 10 474 теңгені құрайды немесе 383 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу 4 000 теңгені құрайды.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ