Тарифтерді көтерген жосықсыз монополистер заң алдында жауап беруі тиіс — Сағынтаев

0

Мәселені қарау қортындысы бойынша Премьер-Министр бірқатар нақты тапсырмалар берді.

ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының жақында өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында тарифтер мәселесі бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданып жатқан шаралар қаралды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмысты жалғастыру үшін бірқатар нақты тапсырмалар берді. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz берген ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысынан кейін Үкімет бірден тарифтерді төмендету және жалпы, тариф жасау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шараларды айқындады. Құрамына энергетика, ұлттық экономика министрліктерінің, Бас прокуратураның өкілдері енген Жұмыс тобы құрылды. Басты мақсаты — түпкі тұтынушылар үшін тарифтерді төмендету. Атап айтқанда, электр энергиясын өндірудің өзіндік құнын анықтау әдістемесі жасалып жатыр. Табиғи монополистердің қаражатының мақсатты пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды күшейту және монополияға қарсы қызметті күшейту бойынша заңнамаға түзетулерді әзірлеу басталды.

Энергетика, ұлттық экономика министрліктерінің алдына 1 желтоқсанға қарай 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтерді төмендетуге мүмкіндік беретін жүйелі шараларды әзірлеу бойынша міндеттер қойылды. Отырыс барысында бірқатар маңызды мәселелер аталып өтілді. Біріншіден, тарифтерді қалыптастыру үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету, екіншіден, энергетика қызметтері нарығындағы бағаның қалыптасуына мемлекеттік органдар тарапынан бақылауды күшейту. Тарифтерді төмендету үшін барлық қажетті шешімдерді жылдам қабылдау керек.

Отырыста энергетика, ұлттық экономика министрліктерінің баяндамалары тыңдалып, жұмыстары мақұлданды.

Сонымен қатар Премьер-Министр 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясы мен жылуға ғана емес, су, газбен жабдықтау, кәріз, телефон байланысы және интернет қызметтеріне тарифтердің төмендеуі керектігін атап өтті. Сонымен қатар ПИК тарифтерін қайта қарау керек. Бұл жергілікті әкімдердің құзыретінде. Бұл орайда, тарифтердің төмендеуі монополистердің көрсететін қызметтерінің сапасын төмендетпеуі тиіс, олардың өндірістері уақытылы жаңғыртылып отыруы керек. Құрылған Жұмыс тобы осы бағыттарда жұмыс істеуі тиіс.

Заңнамалық өзгерістер тұрғысынан тариф жобасын ұсынған кезде жұртшылық, сарапшылар білдірген пікірлерді, оның ішінде, электронды түрде келіп түсетін пікірлерді ескеру тапсырылды. Кері байланыс орнауы тиіс. Әкімдіктердің құзырындағы өңірлердегі тұтыну нормалары тарифтерін бекіту де жариялануы керек.

Мәселені қарау қортындысы бойынша Премьер-Министр бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!