«Тәрбиесіз кісілер келеді»: Баян Алагөзова мәдениеттен жұрдай адамдарға өкпелі — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Баян Алагөзова қоғамдық жерлерде мәдениетсіздік танытатын жұртшылыққа өкпелі. Танымал продюсерді көшеде көрсе, ерсі қылық танытатындар көп екен. Мақсатқызы өзінің ашуына тигендермен қалай бітімге келіп жүр?
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Тәрбиесіз кісілер келеді, отырып алады. Сотканы алады да, кешірім сұрамай, сэлфи жасайды. Осындай жағдайлар болады. Сол кезде мен айтамын: «Кешіріңіз, мен демалып отырмын» — деп», — дейді Баян Алагөзова.
Қарапайым тыңдарманның әрекеті Роза Рымбаеваға да ұнамайды. Халық артсі салтанатты кештерде қаумалаған халық ән салуға мүмкіндік бермейді, деп ашынады.
«Ән айтып тұрсаң, тіпті үлкен сахнаға да көрермен шығып, соткасына суретке түсіп жатады. Бұл мәдениетсіздік деп санаймын. Жалпы әнші ән айтып тұрғанда, оның әнін тыңдау керек қой. Жоқ желкеңе де мініп алып, алдың да тұрып алып, сенің әнің емес, фотоға түсу керек болып тұрады. Мен кейде әнді тоқтатамын дағ айтамын не суретке түсейік, не ән айтайық», — дейді ол.
Сәкен Майғазиев болса жанкүйерлерінің мұндай әрекетін кумиріне деген құрмет деп біледі. Сондықтан болар, ол кез-келген жағдайда сабырлық сақтауға тырысады.
«Небір жаңағы мас болып келіп тұратын адамдар бар. Құшақтап, жағымсыз иістері шығып деген сияқты… Бірақ, ол енді мені солай жақсы көреді деп қабылдаймын да, болды. Мені жақсы көрмесе, ол менің қасыма келмес еді. Кейбір адамдар болады жұлқылап жақсы көреді. Құшақтап, қылқындырып. Оның барлығын мен дұрыс қабылдай аламын», — дейді Сәкен.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz