тәрбиеші әріп білмеген бүлдіршінді ұрып-соқты – видео

0
156

Ақтөбе облысындағы балабақша тәрбиешісі әріпті шатастырған кішкентай қызды ұрып-соқты

АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Ақтөбе облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларға зорлық-зомбылық көрсетуі видеоға түсіп қалды. Оқытушы әліпбиді үйретіп жатып, бүлдіршінді ұрып-соққан, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Оқиға Қарғалы ауданы Бадамша ауылында болыпты. Видеода әйел адам балабақшадағы балаларға әліпбиді ұрысып үйретіп жатыр. Қыз бала әріпті атай алмап еді, тәрбиеші тақтаға дұрыс айтқан ұл баланы шақырады. Содан соң тағы бір бүлдіршінді құлағынан тартып, тақтаға сүйреп әкеліп, бірнеше рет басынан ұрады да: «О», «О» деп айт, ұқтың ба? «У», «А» емес, «О!», – деп айғайлайды. Кейін сәбидің басынан тағы да ұрып жібереді.

Дене шынықтыру мұғалімі студентті соққыға жықты – видео

Ақтөбе қаласының білім басқармасы басшысы Ләззат Оразбаева мәлімдегендей, бұл видео 2018 жылдың қыркүйегінде түсірілген болып шықты. Өңірлік мектепалды мекемелердің біріндегі даярлық тобында болған жайт. Сабақты жүргізген тәрбиеші мамандығы бойынша психолог екен. Балабақша басшылығы сол оқиғадан кейін ұстазды жұмыстан шығарып жіберіпті.

Оқытушы галстуксыз келген студенттерге қол көтерді – видео



sputniknews.kz