«Тәрбие жоқ»: Баян Алагөзова Иманбаева мен Сатыбалдыға ұрсып тастады (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Баян Алагөзова өзіне сөз бермей қойған әріптестерін сынға алды. Шоу-бизнес өкілдері бас қосқан жиындардың бірінде танымал продюсер құрбысы Айгүл Иманбаева мен Азамат Сатыбалдыға тиіскен, деп жазады Stan.kz.

"Тәрбие жоқ": Баян Алагөзова Иманбаева мен Сатыбалдыға ұрсып тастады (видео)

«Бәрі жұлдыздар. Жастар, ешқандай тәрбиелерің жоқ. Азамат, Иманбаева! Кішкене тәрбие болу керек қой, шалдар, үлкендер сөйлеп жатыр. Мақпал апа айтты ғой, тәрбиелерің жоқ», — деді Баян әріптесі Алтынбек Рахметовтың туған күн кешінде. 

Мұны көрген желі қолданушылары тәрбие туралы дәл Баянның сөз қозғағанына таңырқап, оны сынға алды. 

«Тәрбие туралы Баян, сен айтпай-ақ қойшы», «Бірінші өзіңді тәрбиелеп алсаңшы», «Сіздің КешYou-ге берген тәрбиеңізді көрдік қой. Адам өзіне қарап алып сөйлеу керек сияқты», — деп жазды желі қолданушылары. 




stan.kz