Тарбағатайда аудан мәселесін көтерген белсенді мұғалімді Нұр-Отан мүшесі соққыға жыққан

0

Тарбағатай ауданында қоғамдық белсенділігі үшін мектеп мұғалімі Өмірхан Қанағатов «Нұр-Отан» партиясының мүшесі соққыға жыққан.

«Бүгін 01.04.2021 жылы сағат 12 шамасында, Тарбағатай Ауданы, Ақжар ауылы Билялов атындағы мектеп лицейінің география пәні мұғалімі Өмірхан Қанағатовты аудандық мәслихат депутаты Nur Otan партиясының мүшесі, Тарбағатай ауданының ат спорты мектебінің директоры, педагог, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Омарбеков Сержан Көкенұлы «сен неге аудан мәселесін көтересің» деп мектепке келіп, НВП кабинетінде соққыға жыққан.

Аудан мәселесін көтеріп жүрген белсенді азаматымызды соққыға жыққызып қарап отыра алмаймыз. Askhat Aimagambetov мырза назарға алып қол ұшын созуыңызды сұраймыз. Аудан әкімі Асхат Смаилов мырза, Аскар Богырбаев мырза сіздердің тапсырыстарыңыз ба? Danial Akhmetov мырза, шара қолданыңыздар!» деп жазды әлеуметтік желіге Жанна Сакетаева.

Өмірхан Қанағатов KzNews тілшісіне өзінің соққыға жығылғанын растады. Соққыға жығылуының себебін сұрағанымызда, қоғамдық белсенді Ақжар аудан болсын деген мәселені неге көтеруімен тіке байланысты екенін айтты.