Тараздық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды (ВИДЕО)

0
332

Тараздық полицейлер көпірден секірмек болған 22 жастағы қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының Полиция басқармасының Патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне 15 қарашада шамамен 03:00-де Жедел басқару орталығынан көпір үстінде әйелдің секіруге дайын тұрғандығы жайлы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жақын жерде болған патрульдік полиция қызметкерлері көпір үстіне тез арада жетіп, қызбен сөйлесіп, оны райынан қайтарып, құтқарып алған.

22 жастағы қала тұрғынын Тараз қалалық Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының Айдын Абдрахманов пен Рауан Мирибилдаев басқармаға жеткізді. Қыз өзінің күйзелісте болғандықтан суицидке бармақ болғаны жайлы айтқан. Онымен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, қазіргі таңда психологтармен бірлескен жұмыстар жасалуда.