Тараздағы жарылыстан зардап шегуші: Бұл үйде қайта тұра алмаймын — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Тараздағы жарылыстан опырылып кеткен көпқабатты тұрғын үйді бағалауға кірісті. Алматыдан арнайы келген компания өкілдері құлауға шақ тұрған баспананы жан-жақты тексеріп жатыр. Оның қорытындысы алдағы он күнде белгілі болады екен. Соған сәйкес, тұрғын үйдің жарамды не жарамсыз екендігі анықталатын көрінеді. Ал, зардап шеккен пәтер иелері болса, комиссияның қорытындысы оң болған күннің өзінде, бұл үйде тұрмаймыз деп үзілді-кесілді бас тартып отыр.
Аяқ астынан болған жарылыстан есеңгіреп қалған Елена Саттарова әлі күнге өз-өзіне келе алар емес. Сол түні жолдасы жұмыста болып, үйде жалғыз өзі түнепті. Өткен күнде есіне алса, күңіреніп, кімге не айтарын білмей жүр. Тек, тілшілерді көргенде, еріксіз айқалап қоя берді, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».
«Астаң кестеңі шыққан мына пәтерді кім және қалай қалпына келтірмекші? Мен енді осында жайланып, өмір сүремін деп айта алмаймын. Маған осы пәтерімнің орнына басқа баспана берсін немесе моральдік-материалдық шығын ретінде өтемақысын төлесін. Менің бар айтарым осы», — дейді зардап шегуші Елена Саттарова.
Жарылыстың қатты болғаны соншалықты пәтерлердің ортасын бөліп тұрған бетон қабырғалар жарылып кеткен. Ал, арғы шетіндегі пәтерлердің тіпті, едені опырылып ортасына түсіпті. Мынандай жағдайды көрген үйдің иесі енді мұнда мүлдем келмейміз деп отыр. Бізге басқа жақтан пәтер берсін, немесе су жаңа баспана әперсін деп отыр.
Үйлері әп-сәтте кұл талқан болған тұрғындар әлі абдырап жүр. Кім қайда барып, не сұрарын білмейді. Естіп-білгендері, әкімдік осы баспананы қайта қалпына келтіріп, пайдалануға бермекші екен. Бірақ, бұған пәтер иелері үзілді-кесілді қарсы болып отыр.
«Мен жеке өзім қорқамын түсінесіз бе, сол жағдайдан кейін қалай тұруға болады? Қабырғалар жоқ. Менде суреттер бар, бірінші қабаттан қарасаң аспан көрініп тұр», — дейді зардап шегуші Сания Ким.
Оқыс оқиғадан үш адам қаза тапты. Марқұмдардың екеуі әйел, біреуі ер адам. Жергілікті биліктің мәліметінше, бақилық болғандар мұнда уақытша пәтер жалдап тұрған көрінеді. Жамбыл ауданында туып-өскен ер адамды бүгін таңертең туыстары жер қойнына тапсырды. Ақтық сапарға шығарып салуға облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы барған. Ал, түс ауа Талас ауданының тумасының, ертең үшінші адамды, яғни, Тұрар Рысқұлов ауданының азаматының жаназасы болады. Оқиға орнына алматылық бағалау компаниясының өкілдері келді. Олар әрбір пәтерге жеке-жеке бас сұғып, зерделеу ісімен айналысып жатыр.
Осы күні ауруханада төрт адам жатыр. Оның бірі — 19 жастағы бойжеткен. Жарылыс болған кезде ол шырт ұйқыда жатыпты. Есін жиса, үйіндінің астында екен. Бірақ, ол оқыс оқиға жайында ештеме айтқысы келмеді. Қазір денсаулығы бірқалыпты.
«Бас жарақаты және аяғында азғана жарақаты бар. Керек қызметтің бәрі жасалды. Бас жараларын тіктік. Яғни, денесінің жаралары тігілді», — дейді қалалық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Бақытжан Досжанов.
Жарылыстан зардап шеккен жанның бірі — 64 жастағы қария екен. Қазір, ол 2-ші аурухананың күйік бөлімінде жатыр. Дәрігерлер науқастың денесінің 50 пайызын күйік шалғанын айтады. Тіпті, жалынның қатты болғаны соншалықты тыныс жолдарын да жалын шарпып өткен. Жағдайы тұрақты ауыр көрінеді. Дегенмен, дәрігерлер науқаспен тілдесуге мүмкіндік бермеді.
Дәрігерлер науқастың денсаулығы ауыр, бірқалыпты дейді. Оны қолымен тамақтандыруда. Әлі қанша уақыт аурухана төсегінде жататыны белгісіз. Тағы бір жасөспірім балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал жарылыс болған пәтерлер уақытша тіреуішпен тұр. Ішке кіріп-шығу өте қауіпті. Соған қарамастан, кейбір тұрғындар үйдегі заттарын сыртқа шығарып әлек. Ал, жергілікті билік болса, әзірге 13 отбасыны уақытша баспанамен қамтамасыз етіпті. Оның өзі қай уақытқа дейін берілгені белгісіз.
«Енді біздерге бір ай деп берді ғой. Бір айға дейін үйімізді жөндеп береміз деді. Жаңа үй комиссиясы келді, ол бір айға әкімшілік мүмкін емес, болмайды деді. Енді жертөлеге барамыз, сонда жатамыз деп кетті», — дейді зардап шегушінің анасы Рыскүл Бақтыбаева.
Жалпы, бес қабатты, алты подъезді үйде 30 пәтер бүлінген. Бүгін қалған төрт подъезге жарық, су, электр және көгілдір отын қосылды. Енді өзге пәтерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер тұруға жарамайды деп комиссия шешім шығарса, баспанасыз қалғандардың мәселесін шешу ісі қолға алынбақшы.
«Тек қана ортаның екі подъезді ғана емес, үйдің барлық тұстарына, сейсмикалық күшейту жұмыстары атқарылу керек болады ма, оның бәрі қорытынды негізінде белгілі болады», — дейді қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов.
Айта кетейін, оқыс оқиға кеше таңертең алтылар шамасында болған. Салдарынан үш адам қайтыс болып, төрт адам ауруханаға түскен. Тағы тоғызы түрлі дәрежеде зардап шеккен. Баспанасыз қалған жандарды көршілігі үйлерін ипотекаға алғандар екен.
stan.kz