Тараздағы жарылыс салдарынан көз жұмды делінген әйел тірі болып шықты — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Таразда болған тұрғын үйдегі жарылыстан кейін бұған дейін көз жұмғандардың қатарында болған 32 жастағы Аида Төлегенова тірі болып шықты. Күні кеше оның аман қалғаны белгілі болды.
Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Тараздағы төтенше жағдайдан қаза тапқан үш адамның бірі – 23 жастағы Бексұлтан Темірханұлын күні кеше жақындары жер қойнына тапсырды. Оны жерлеу рәсіміне облыс әкімі Асқар Мырзахметов бастаған жергілікті билік өкілдері түгел қатысты.
Ал Талас ауданының тумасы Аида Төлегенованың жаназасына шыққан жақындары орта жолдан қайттық дейді. Себебі Қаратау ауданына жеткізілген мәйіт мүлде басқа адамдікі болып шыққан.
«Қосымша тергеу амалдарын жүргізу барысында жарылыстан қаза болғандардың бірі 1987 жылы туылған Аида Төлегенова емес, 2001 жылы туылған Арапбек Айжан Еркінбекқызы екені анықталды. Себебі алған жарақаты салдарынан қаза болғандардың түрін тану мүмкін болған жоқ. Олардың дене пішіндері ұқсас болуына байланысты туысқандары да олардың мәйіттерін бірден таныған жоқ. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлімі (Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы гүлсара Мұхтарқұлова.
stan.kz