Тараздағы газ жарылған үйдің видеосы

0

Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газ құрылғысын пайдаланудағы салғырттық себеп болған.

Жарылыс сәрсенбі, 27-ақпан күні таң қараңғысында Тараздағы бес қабатты тұрғын үйде орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарылыс эпицентрі екінші қабатта орналасқан пәтер болды. Бірінші қабаттан үшін қабатқа дейінгі аралықтағы үй жабыны опырылып кеткен.

Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газ құрылғысын пайдаланудағы салғырттық себеп болған.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Таразда болған жарылыс салдарынан зардап шеккендердің жағдайлары туралы айтып берді.

— Өкінішке орай, үш адам көз жұмды. Тағы үш адам ауруханада жатыр. Бала, өкінішке орай ауыр бас сүйек-ми жарақатын алған. Оны отаға дайындап жатыр. Министрлік барлық қажетті көмекті көрсетуде, біз санавиация бағыты бойынша көмектің қажеттілгі жайлы да сұрадық. Әзірге ондай қажеттілік жоқ. Одан бөлек, денесін қатты күйік шалған науқас бар, ол интенсивті терапия қабылдап жатыр, — деді Біртанов.

Жағдай тұрақтаған соң министрлік науқастарды орталық клиникаларға тасымалдауға дайын, деп атап өтті ол.

Қаза тапқандар саны үш адамға жетті. Нұрсұлтан Назарбаев жапа шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz