Тараздағы “Бәйтерек” мөлтек ауданында тұрғындар жаңа пәтерге қоныстанды
Әулиеата жұртшылығы Тәуелсіздік мерекесін тойлауды бастап кетті. Соның бір дәлелі бүгін Тараздағы №13 мөлтек ауданында көппәтерлі тұрғын үй халық игілігіне тапсырылды.
Әулиеата жұртшылығы Тәуелсіздік мерекесін тойлауды бастап кетті. Соның бір дәлелі бүгін Тараздағы №13 мөлтек ауданында көппәтерлі тұрғын үй халық игілігіне тапсырылды. Бұл туралы “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көптеген тұрғындар пәтерлі болып, қуанышқа кенелуде. Бүгінгі беріліп отырған жаңа баспаналар соның айқын көрінісі. Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков “Бәйтерек” мөлтек ауданының жаңа қоныс иелерін құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.
– Құрметті жиналған қауым, жаңа қоныс иелері! Барлықтарыңызды алда келе жатқан ҚР Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында халықты баспанамен қамтамасыз етуде нақты тапсырмалар береді. Биылғы жылы облыста жергілікті бюджет есебінен 1753 пәтер пайдалануға берілсе, оның 1040-ы Тараз қаласынан берілді. Бүгінгі берілгелі отырған 100 пәтерлі “Бәйтерек” мөлтек ауданындағы үйлер “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында салынған. Құрылыс мердігері – «Агроспецстрой» ЖШС-і. Құрметті қоныс иелері, жаңа үйдің іргетасы мықты, шаңырағы биік, ішінде тек татулық пен береке болсын, – деді аймақ басшысының орынбасары.
«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде салынған көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысына 94 7790,0 мың теңге қаржы жұмсалған.
Мерейлі мерекеге орай ұйымдастырылған шараға тұрғындар көптеп жиналып, қуаныштарымен бөлісті.
– Бүгін үлкен қуаныш. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көптен күткен тұрғын үйге қол жеткіздік. Осы орайда, облыс басшылығына алғыс айтқым келеді,- деді жаңа пәтер иесі Саят Сегізов.
Айта кетейік, Жамбыл облысында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 28 нысан ашылды. Оның 12-і көпқабатты тұрғын үй болса, 7-і дәрігерлік амбулатория, 4-і балабақша, 4-і ауыз сумен қамтамасыз ету және 1 кәріз жүйесі.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/