Тараздағы «Ауыл-Береке» базарында киім-кешек бутиктері өртенді — Тосын жай

Таразда «Ауыл-Береке» базары өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды.
Тілсіз жау бірнеше контейнерді шарпыған. Тауарларын құтқаруға тырысқан саудагерлер оларды көшеге тасыды. Тауарлардың басым бөлігі киім-кешек.
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, киім сататын тоғыз бутик жанып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өрттің аумағы — 700 шаршы метр. Өрт сағат 09.47-де ауыздықталып, 10.01-де сөндірілді.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Жамбыл облыстық ТЖД-дан 49 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
© ҚР ІІМ ТЖК