Тараздағы әскери бөлімде сарбаздың мәйіті табылды
Қысқа сілтеме алу
Әскери бөлім басшылығы қайтыс болған жігіт бөлімдегі үздік сарбаздардың бірі болғанын айтады. Әскери борышын өтеуге Ақтөбе облысынан шақырылған
НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Таразда 20 жастағы Батырхан Болаттың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Жігіттің өз-өзіне қол салғаны хабарланып отыр. Оның денесін өзге сарбаздар тапқан.
Бөлім басшылығы сарбаздың мұндай қадамға баруына әскердегі әлімжеттік себеп болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарды. Олардың айтуынша, Батырхан бөлімдегі үздік сарбаздардың бірі болған. Барлық шараға белсенді қатысатын, фотосы құрмет тақтасына ілінген.
Тағы оқыңыз: Әскери қызметші 8 қызметтесін атып тастады: трагедияның мән-жайы
Батырхан Болат әскери борышын өтеуге Ақтөбе облысынан шақырылған. 2019 жылдың 2 желтоқсанында үйіне оралуы тиіс болатын.
sputniknews.kz