Таразда жарылған үй қалпына келтірілгенше тұрғындарға уақытша баспана беріледі
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ж.Қасымбек зардап шеккен азаматтармен кездесіп, алдағы қолдау шаралары туралы хабарлады.
Газдың жарылу себептерін анықтау мақсатында сотқа дейін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шұғыл деректер бойынша, зардап шегушілер саны 9 адам, оның үшеуі қаза тапқан. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп зардап шегушілерге көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Апат болған үйдің 100-ден астам тұрғыны уақытша №47 мектепке көшірілді. Бұған қоса, зардап шегушілердің бір бөлігі «Бәйтерек» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйге көшірілді. Оларға ыстық тамақ беріліп, уақытша тұруға қажетті жағдайлар жасалған, медициналық-психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ж.Қасымбек зардап шеккен азаматтармен кездесіп, алдағы қолдау шаралары туралы хабарлады.
«Әзірге бұл үй жабық болады, онда тиісті зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Үйдің қайта қалыпқа келтіруге жарап-жарамайтынын және т.б. тексереміз. Бұған уақыт керек. Жұмыстар жүргізіліп жатқан кезде әкімдік сіздерге өмір сүруге қажетті барлық жағдайды жасайды», — деді зардап шегушілерге Ж.Қасымбек.
№47 орта мектепте ҚР премьер-министрінің орынбасары Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовтың, полиция департаменттерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, «Жедел құтқару жасақтары» ММ, «ҚазТрансГазАймақ» ЖБФ, «Тараз қалалық электр желілері» ЖШС өкілдерінің қатысуымен шұғыл кеңес өткізді.
Кеңес қорытындысы бойынша Жамбыл облысының әкіміне тиісті қызметтерге апаттық-қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету, зардап шегушілерге қалыпқа келтіру жұмыстары кезеңінде өмір сүруге қажетті жағдайлар жасау тапсырылды.
Еске сала кетейік, Тараз қаласындағы ТЖ байланысты +7–7262–513575 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz