Таразда жантүршігерлік оқиға болды
Таразда әйел азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген. Дәрігерлер 47 жастағы ер адамның өмірі үшін бір тәулікке жуық күрескен, бірақ оны құтқара алмаған, — деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.
Дәрігерлер қаладағы жатын аудандардың бірінде болған оқиға туралы бірінші болып білген. Пышақ жарақатын алып, қан-жоса болып жатқан ер адам жедел жәрдеммен дереу жансақтау бөліміне жеткізілген. Ол сол кезде ес-түссіз болған.
Полицейлер қылмыскерді тапқан. Ол 43 жастағы әйел болып шыққан. Ол бәрін мойындаған. Бірақ қылмыстың анық-қанығы әлі ашылмаған.
«Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр», — деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.