Home Жаңалықтар Таразда университеттен 300-ден астам студент пен магистрант оқудан шығып қалды

Таразда университеттен 300-ден астам студент пен магистрант оқудан шығып қалды

0
169
Сурет: StockSnap

Тараз қаласындағы жоғарғы оқу орнынан 300-ден астам студент пен магистрант оқудан шығып қалды. Олардың барлығы да жалған құжат жасаған.

Тексеріс кезінде олардың ҰБТ-дан тиісті деңгейде балл алмағаны белгілі болды. Шетелдік университеттерде бір семестр оқығаны туралы сертификаттар беріп, кейін оқу орнын «ауыстырған».

Қазір Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті шетелдік университеттердің мөрлері мен қолдарының жаппай бұрмалануын тексеріп жатыр. Мұндай фактілер елдің басқа университеттерінде де болуы мүмкін.

«Биылғы оқу жылында бізге 400-ден астам студент пен магистрант ауысуға ниет білдірді. Біз бұл құжаттардың түпнұсқалығын тексердік. Олардың көпшілігі бойынша шетелдік білім беру ұйымдарында оқу фактілері расталмады. Бізге ауысуға ниет білдірген адамдардың 75%-дан астамын біз оқудан шығардық немесе оқуға қабылдамадық», – деді М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы Ержан Әмірбекұлы.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету