Таразда тойға келгендер астан уланып қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Таразда мейрамханалардың біріне тойға келгендер астан уланып қалған. Қазір жетеуі ауруханада жатыр. Ал, қалғандары алғашқы көмектен соң үйлеріне босатылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

тамақ

Науқастардың айтуынша той өткен соң, ертеңінде өздерін жайсыз сезінген. Алғашында іштері ауырып, жүрегі айныған, кейін ыстығы көтеріле бастапты. Жедел жәрдем оларды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізген. 

«Мына жерде жатқан балалар бөліміндегі бала тойға барған жоқ. Ол жаңағы тойдан апарған сарқыт самсаның жартысын ғана жеген. бір инфекция түскен бе деймін тамаққа. Тек қана ет жеген адамдардың өзі мысалы сарқытқа алып барған ет жегендеде ауырып жатыр. Ет деген ол қайнатылған нәрсе ғой”, — дейді науқас Мұхтар Шаханов.

 Дәрігерлер тойханада ас дұрыс сақталмаған болуы мүмкін деп болжайды. Бірақ, әзірге нақты қорытынды жоқ. Сараптама жұмыстарының нәтижесінен соң, неден уланғандарын жария етпек. 

«Қалтырап, дірілдеп ауыр жағдайда түсті, әрине. Қазір жағдайлары орташа дәреже деп бағалануда. Түрлі-түрлі мысалдар айтып жатыр. Сондықтан біз бір тұжырымға келе алмаймыз», — дейді дәрігер Талғат Шымырбаев.
 

stan.kz