Таразда суицид жасаған жігіттің өліміне екі полицей кінәлі деп танылды

0

Тараз наркодиспансерінде өзіне өзі қол салған жігіттің өліміне екі полиция қызметкері кінәлі деп танылды. Оларға 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы берілді.

Сотта айтылған ақпаратқа қарағанда, тәртіп сақшылары, қызметін асыра пайдаланған. Алайда бұрынғы полицейлер міндетімізді адал атқарғанымыз үшін істі болдық дейді.

«Сол суицид дерегі бойынша барлық кінәні бізге жауып жатыр. Ол азаматты өздері алып қалса, не болмаса дәрігер жатқызамын десе де,  мен өз қызметімді асыра пайдаланып оны алып кетуім керек пе еді?», — дейді сотталушы Ринат Сарбаев.

Осыдан кейін екі тәртіп сақшысы істі болыпты.  Ал Облыстық прокуратура бұл істің нүктесі аппеляциялық сотта қойылатынын айтып отыр.

«Астана» арнасы