Таразда полицейлер парамен ұсталды

0

Олар жолда жүру ережесін өрсекел бұзған жүргізушіден 40 мың теңге пара алған.

Таразда полицейлер жүргізушіден 40 мың теңге пара алып, ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Оларды ішкі қауіпсіздік қызметкерлері арнайы шара кезінде қолға түсірді.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-патрульдік полиция батальонының қос инспекторы қала тұрғынынан ақша алған. Олар жолда жүру ережесін өрсекел бұзған жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартпауға уәде берген. Бұл қызметін олар 40 мың теңгеге бағалапты. Қазір күдіктілердің екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеп-тексеру қорытындысынан кейін ұсталғандардың командирлері де жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Жүргізушінің шағымы бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасының арнайы жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде осы екі қызметкер ұсталып отыр. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігінің екінші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz