Таразда өзін-өзі өртеп жібермек болған адамның кім екені белгілі болды

0

Бүгін, 2025 жылдың 24 қаңтарында Тараздағы мектептің алдына келіп, өзін өртеп жібермек болған адам бұған дейін сотталған және наркологиялық диспансерде есепте тұр. Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, оның басты талабы – үй кезегінде алға жылжығысы келген.

«24 қаңтар күні М. есімді азамат (наркологиялық диспансерде есепте тұрады және бұрын сотталған) мектептің аумағына бензин құйылған ыдыс әкеліп, оны үй кезегінде алға жылжыту туралы талабын айтты. Ол өзін өртеп жібермек болды, бірақ, өрт сөндірушілер мен полиция оның жолын кесті. Дәрігерлер оны қарағаннан кейін полиция оны алып кетті», — деп хабарлайды Тараз қаласының әкімдігі.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ Таразда белгісіз ер адам өзін-өзі өртеп, суицид жасамақ болғанын жазған еді.