Таразда мектепке жұмысқа кіру үшін ақша төлейсіз — Infinite bilim техникалық директоры

0

‘Infinite bilim’ техникалық директоры Данияр Камал Қазақстанның білім деңгейіне қатысты пікір білдірді. Осы орайда ол кей өңірде әлі де жемқорлықтың белең алып жатқанын сөз етті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Қазақстанның жоғарғы оқу орнындағы білім деңгейіне қарасақ, офлайн білімді қатырып жатқан жоқпыз, шыны керек», — деді ол отандық бағдарламалардың бірінде.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы одан «Сіз қай жерде оқыдыңыз? Егер Қазақстанда оқымаған болсаңыз, қалай салыстыра аласыз?» деп сұрады.

«Жоғарғы оқу орнын Кореяда оқып келдім. (…) Бізде Қазақстанда мынандай оқуды оқысам, мынандай жұмыстарға түсе аламын деген жоқ. Бір бағыт жоқ. Әрбір жерде таныс болуы керек. Таразда, мысалы, сіз мектепке жұмысқа кіру үшін ақша төлейсіз. Жай мектепке жұмысқа кіру үшін. Мен білмеймін, әрине. Өз туысқандарымнан жақында сұраған кезде 95%-ы нег-ы негізі ақша арқылы. Мұны айту дұрыс па, дұрыс емес пе білмеймін. Бұл енді өз ойым. Ол өтірік те болуы мүмкін, әрине», — деді Данияр Камал.

Сондай-ақ, ол елдегі білім сапасын жақсартуға қалай атсалысып жатқанын, «Сегіз сабақ» жобасының оқушыларға қалай көмектесетінін айтып берді.