Таразда мектеп дәретханасында оқушыны зорлады: білім министрлігі түсініктеме берді

0

Қазіргі уақытта қыз үйінде оқып жүр. Мамандар қажетті психологиялық көмек көрсетуде. Тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Таразда мектеп аумағында оқушы қызды зорлады. Бұл оқиғадан соң директор, директордың орынбасары, мұғалім мен мектептегі вахтер қызметінен босатылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Жамбыл облысы білім басқармасы жетекшісінің орынбасары Талғат Жамалов хабарлады.

«Директор, құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, вахтер мен мұғалім қызметінен босатылды. Ата-аналар талап қойды. Сондықтан осындай шешім қабылданды», — деді Талғат Жамалов.

Директордың өзге орынбасары директор міндетін атқаратын болады. Зардап шеккен қыз үйінде оқиды.

«Бала медициналық психологиялық көмек алып жатыр. Ол кейін мектепке оралады. Егер қаласа, басқа мектепке ауыса алады», — деді жетекші орынбасары.

Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

«Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету білім мекемесінің міндеті «, — деді білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әйелдер мен балаларды зорлауға қатысты жазаны күшейту заңына өзгеріс енгізіп, құжатты мәжіліске жолдады.  Құжатты бас прокуратура мемлекеттік органдармен бірге әзірлеген.

Дәретханадағы зорлау

Бұл жағдай туралы жақында белгілі болды. 7-сынып оқушысы Тараз мектебінің аумағында зорлады.

Кейін ұсталған адамның бұрын ұрлық үшін істі болған 38 жастағы тұрғын екені анықталды.



sputniknews.kz