Таразда кешкі жетіден таңғы 7.00 дейін көшеге шығуға тыйым салынды

0

Тараздың орталық алаңын мұздай қаруланған арнайы әскери жасақ бақылап тұр, деп хабарлайды kznews.kz сайты 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Кеше бүлікшілер қалалық әкімдікті басып алмақ болды. Алайда оларға әскерилер тойтарыс берді.

Бұған дейін бүлікшілер облыстық полиция департаменті, облыстық әкімдік, қалалық нөмірі бірінші полиция бөлімін тас-талқан етіп қиратып, өртеп жіберген.

Nur Otan партиясының ғимараты әлі жанып жатыр. Өртті сөндіруге бірнеше техника жұмылдырылған. Жағдайды бақылауда ұстап тұр.

Өңірде коменданттық сағат енгізілді. Бұл облыста кешкі сағат жетіден таңғы жетіге дейін бейберекет жүргендер жауапқа тартылады.

Қазір 11 жерде блокпост қойылды. Бекеттерге 4 рет қарулы шабуыл жасалған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүлінген ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары ертең басталады. Бүгін мердігерлермен келіссөздер жүргізілді.