Таразда каннибал пайда болғаны туралы ақпарат жалған

0
Таразда каннибал пайда болғаны туралы ақпарат жалған


Жамбыл облыстық Полиция департаментінің өкілдері WhatsApp-та Таразда каннибализм жағдайы болды деген хабарламаларға қатысты пікір білдірді.

Таразда каннибалдың пайда болғаны туралы хабар бірнеше сағаттың ішінде әлеуметтік желіде тарап кетті. Жамбыл облыстық полиция департаменті дереу бұл хабарды жоққа шығарды. 

«Жоқ, бұл ақпарат жалған. Бұл 100 процент фейк. Еш алаңдамаңыздар, қала толық бақылауымызда», – деді Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев. 

Осыған байланысты полициядағылар бұқаралық ақпарат құралдары немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жалған мәлімет таратқандардың ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі 3-тармағы бойынша айыпталып, екі жылдан бес жылға бас бостандығынан айырылатынын ескертеді.