Таразда ер адам QIWI терминалдарының ақша қабылдайтын жеріне қышқыл құйып, істен шығарған (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Таразда полицейлер 16 QIWI терминалын істен шығарды деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап Stan.kz.

Таразда ер адам QIWI терминалдарының ақша қабылдайтын жеріне қышқыл құйып, істен шығарған (видео)

Жергілікті кәсіпкер құқық қорғау органдарына жүгінген. Ол белгісіз біреулердің 16 QIWI-терминалдың ақша қабылдайтын жеріне қышқыл құйып тастап, осылайша істен шығарғанын айтып шығамданыпты.

Ер адамның сөзінше, келтірілген шығын көлемі 4 миллион теңгені құрайды. 

Тәртіп сақшылары терминалды бұзған адамның тұлғасын анықтап, оны тұтқындады. Ол жасаған әрекетін мойындады. Алайда неліктен мұндай қаадмға барғанын айтпады.

 


Полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.



stan.kz