Таразда бойжеткен болмашы нәрсе үшін өзіне қол салмақ болған – Қазақстан жаңалықтары

0
110

Таразда өзіне қол салмақ болған бойжеткенді өрт сөндіруші құтқарып қалды. Бойжеткен болмашыға бола өзіне қол салмақ болыпты, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеп Stan.kz.

Бұған дейін бойжеткеннің құтқарылғанын айтқанбыз. Оқиға болған ғимаратта өзіне қол салуға ұмтылатын жастар көп екен. Құрылысы орта жолда тоқтағанына 10 жылдан асқан орынның арнайы қоршауы жоқ. Оқыс оқиғалар жиі болады. Жақын күндері 19 жастағы студент өзіне қол салуға бел байлаған. Оны төтенше жағдай қызметкерлері құтқарып қалды.

«Бұған қатысты талай рет айтқанмын, бірақ әкімдік те, басқалар да жауап берген жоқ», – дейді қоғам белсендісі Жанна Папина.

Тұрғындар ғимаратты сүруді талап етеді. Бір жыл ішінде мұнда үш осындай суицид жағдайы болған. Қала әкімдігі соңғы оқиғадан соң, шаралар қолға алынғанын айтты. Айтуынша, ғимарат тормен жабылып, сатысы алынып тасталмақ.

stan.kz