Таразда бір күнде 400 жуық азамат жол ережесін бұзған

0
05 Желтоқсан 2018, 10:15 185 0

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. 3 желтоқсан күні Таразда 9 желтоқсанға дейін жалғасатын «Автогбус» атты жедел-профиактикалық шараның бірінші күнінде 360 азамат жол қозғалысы ережесін бұзған. Бұл жөнінде Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Шараның бірінші күнінде қалалық жол-патрульдік полицияның 186 қызметкері мен 62 қызметтік көлігі жұмылдырылды. Кезекшілік тәулігінде облыс орталығы аумағында 10 қылмыс тіркеліп, оның 8 ізін суытпай анықталды. «102» нөміріне келіп түскен 72 қоңырау бойынша қызмет көрсетілді.», — деп жазылған хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, аталған жедел-профилактикалық шара Таразда тұрақты түрде өткізіліп тұрады және қала тұрғындары оның оң тұстарын жоғары бағалап отыр.

«Қоғамдық орындардағы, соның ішінде, көшелердегі қылмыстың алдын алу үшін 164 адам ішкі істер органдарына, 29 адам наркологиялық диспансерге жеткізілген. Барлығы 387 әкімшілік құқық бұзушылық, соның ішінде, 360 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды», — деді баспасөз қызметінде.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ