Таразда базар отқа оранды | КТК

0
Таразда базар отқа оранды


Таразада «Ауыл-Береке» базары өртенді. 

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.

«Сағат 09:47-де өрттің алды алынып, 10:01-де толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деді Нұрсұлтан Нұрахметов.

Тілсіз жау бірнеше контейнерді шарпыған. Тауарларын құтқаруға тырысқан саудагерлер оларды көшеге тасыды. Тауарлардың басым бөлігі киім-кешек. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Жамбыл облыстық ТЖД-дан 49 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.