Таразда әскери бөлімнен сарбаз із-түссіз жоғалып кетті

0
957

Таразда №85395 әскери бөлімінен сарбаз ұшты-күйлі жоғалды, деп хабарлайды КТК арнасы сілтеме жасап.

Қазір әскери бөлімнен шығып кеткен сарбаз іздестірілуде. Нұрасыл Арысбаевтың үшті-күйлі жоғалғанына төрт күн болды.

Әскери бөлімі командирінің орынбасары Бауыржан Дүйсенбаевтың сөзінше қатардағы жауынгердің не үшін мұндай қадамға барғаны белгісіз:

«Жамбыл облысы және Тараз қаласында әскери бөлімнің қызметкерлерімен және құқық қорғау органдарымен Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлерімен іздестіру жүргізіліп жатыр. Не себептен қашып, әскери бөлімді тастап кеткені беймәлім», – дейді командир. 

19 жастағы сарбаз 25 наурызда түнгі кезекшілігін тастап белгісіз бағытта қашып кеткен. Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаевтың қолында қару-жарақ болмаған. Қасындағы серіктесі ұйқыға кеткенін пайдаланған жауынгер түн жамылып қашып кетті.

Ал әскери бөлімге баласын іздеп келген Нұрасылдың анасы ұлының әскерден қашып кеткеніне сенбейді. Олар менің баламды жасырып, бір жерде тығып ұстап отыр дейді.

«Бұнда не болып жатқанын білмеймін. Бір күдігім бар. Мүмкін емес, менің балам момын бала. Дуалдан асып кетіп қалған. Не үшін кетіп қалғанын білмеймін. Төрті тәулік болды, әлі жоқ. Ешқайсысы қимылдамай жатыр», – дейді Гүлжан Арысбаева.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету