Тараз тұрғыны жаңа туған сәбиді акушерлерден 1.500.000 теңгеге сатып алған

Арнайы іс-шараларды өткізу кезінде 2023 жылғы 12 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Тараз прокуратурасымен бірлесіп жаңа туған баланың сауда фактісін анықтады.
«Жамбыл облысы ПД ПБББ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі акушерін анықтап, ұстады.
Жүргізілген тергеу іс-шаралары барысында Тараз қаласының 39 жастағы тұрғыны жаңа туған қызды акушерлерден 1.500.000 теңгеге сатып алғаны анықталды», — делінген ІІМ хабарламасында.
Жаңа туған нәресте Тараздың сәби үйіне орналастырылды. Тергеу жалғасуда.
Ақпарат: http://t.me/orda_kz
фото: ktk.kz