Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды
Орынбеков Бақытжан Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Тараз қалалық мәслихатының келісімдері бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Орынбеков Бақытжан Әмірбекұлы Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
Бақытжан Орынбеков 1971 жылы туған. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» және «тау-кен ісі» мамандықтары бойынша бітірген.
Ол еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл қаласындағы «Заман» фирмасында бөлім бастығы болып бастаған.
Әр жылдары «Делдал» жеке кәсіпорны директорының орынбасары, «Жамбыл-Құпарлылық» АҚ-ның механигі, «Шығыс Таңы» Сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС-нің бас директоры, «Тараз көлік жолы» ЖШС-нің президенті, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс басқармаларының басшысы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-де және «Волковгеология» АҚ-да түрлі басқарушы лауазымдарда еңбек еткен.
2016-2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» ШЖҚ РМК-ның бас директорының орынбасары, 2017-2018 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, 2018-2021 жылдары «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен өндіру компаниясы» АҚ-да департамент директоры, Басқарушы директор – жобалық кеңсесінің басшысы, жобаларды басқару жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі қызметтерін атқарған.